28736
Лимонның сіз білмейтін 5 пайдасы
Сары жемістің үй тұрмысында да пайдасы көп
Лимон суық тигенде таптырмас өнім екені бәрімізге мәлім. Иммунитетті нығайтудан басқа, сары жемістің үй тұрмысында да пайдасы көп екенін бірі білсе, бірі білмейді.
Сонымен лимонның пайдасы қандай?
- Металл ыдыстарды лимон қабығымен сүртіп, сумен жусаңыз, жарқырап шыға келеді.
- Күріштің бір-біріне жабыспай, шашырап піскенін қаласаңыз, 1 ас қасық лимон сығындысын пайдалансаңыз жеткілікті.
- Шәйнектің ішін қақтан тазартуда лимон таптырмас құрал. Лимонды қабығымен кесіп, үстінен су құйып, 10-15 мин қайнату керек.
- 5 ас қасық лимон шырыны қосылған сумен әйнек пен айнаны сүртсеңіз, барлық дақты кетіреді. Әрі үйдің ішіне жағымды иіс береді.
- Лимон микротолқынды пешті тазалауға, сондай-ақ оның ішіндегі жаман иісті жоюға көмектеседі. Ол үшін су құйылған стақанға бірнеше қасық лимон сығындысын қосып, пештің ішінде қыздыру керек. Кейін құрылғының ішін шүберекпен сүртіп алған жөн.