"5 млн теңге сыйлады": Олжас Абай үйлену тойындағы қонақтардың сыйлығы туралы айтты

/
"5 млн теңге сыйлады": Олжас Абай үйлену тойындағы қонақтардың сыйлығы туралы айтты
жеке парақшасынан

Жуырда шаңырақ көтерген Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойларының қалай өткенін айтып, қонақтарынан алған сыйлықтары туралы бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актердің сөзінше, тойға кеткен шығынды бір-екі қонақтың берген сыйлығы толық жапқан.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Әулетімізде қуанышты жаңалық болды, көрген боларсыздар. Бұл – тойдан кейінгі алғашқы сұхбатымыз, сондықтан толқып отырмыз. Тойымыз жақсы өтті. Халық ақ тілектерін айтып, қуанышымызға ортақтасты.

Ең қомақты сыйлықты ағамыз, кино саласында алға жылжуымызға ықпал еткен Kinopark басшысы Алмас Малдыбаев жасады. Ол бізге 5 миллион теңге сыйлады. Осы сәтті пайдаланып, Алмас мырзаға алғысымды айтып, інілік құрметімді білдіргім келеді.

Жалпы, тойға кеткен шығынды бір-екі қонақтың берген сыйлығы-ақ жауып тастады», – деді Олжас Абай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары