Ақтауда терезеден жиһаз лақтырған ер адам жауапкершілікке тартылды

Тұрғынның жиһазды лақтырып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Ақтауда терезеден жиһаз лақтырған ер адам жауапкершілікке тартылды
Видеодан кадр
798

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы 4-шағынауданда терезесінен тұрғынның жиһазды лақтырып жатқан видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Тұрғынның бұл әрекеті құқық қорғау қызметкерлерінің де назарынан тыс қалмады.

Mangystaumedia.kz сайтының мәіметінше, қалалық полиция қызметкерлері терезеден жиһазды тастаған адамды анықтап, оны жауапқа тартты.

«Азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары