Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді
ашық дереккөз
812

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған мәселе ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

«Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары