Ғани Бейсембаев мектеп директорларына ескерту жасады

Министрге қайта-қайта педагогтерден әртүрлі арыз-шағымдар түскен.

Ғани Бейсембаев мектеп директорларына ескерту жасады
Оқу-ағарту министрлігі
1600

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аппарат отырысында мектеп директорларына, Білім басқармасының, бөлімінің басшыларына ескерту жасады.

Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

Ғани Бейсембаевтің сөзінше, оған педагогтерден қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты арыз-шағымдар келіп түсіп жатыр. 

«Ұйым басшылары, білім бөлімдері мен Білім басқармалары өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатуы қажет! «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын сақтау керек. Тағы да айта кетейін, әрбір осындай шағым үшін мектеп директорлары, Білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары жауапты болады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары