ШҚО-да зейнеткер 2 аптадан бері табылмай жатыр

Купсюк Вера Григорьевна 10 қараша күні үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

ШҚО-да зейнеткер 2 аптадан бері табылмай жатыр
Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен 74 жастағы зейнеткер жарты айдан бері табылмай жатыр.

Глубокое ауданы Белоусовка кентінде тұратын Купсюк Вера Григорьевна 10 қараша күні үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Алайда оның жоғалғаны туралы хабар полиция қызметкерлеріне тек кеше түсті. 

 «Полицияға зейнеткердің ұлы қоңырау шалып, көмек сұрады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларды жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Жоғалған адамның қайда екендігі жайлы қандай да бір мәлімет білетін адамдардан «102» жедел арнасына хабарласуды сұраймыз», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Белоусовка әкімдігінің мәліметінше, 74 жастағы қарт Фрунзе көшесінде тұрған. Үйден шыққан кезде үстінде көк пальто, қоңыр түсті қалпақ пен қызғылт галош болған.