Көктайғақ, аяз: 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін.

Көктайғақ, аяз: 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: 24.kz
855

Қазгидромет 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері антициклонның орнына Қазақстан аумағына Қара теңіз аудандарынан циклон келеді. Ол шығысқа қарай жылжып, 28 қарашада батыста, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. 28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді және жаяу бұрқасын болады.

Циклонның әсерін әсіресе республиканың оңтүстік аймақтарының тұрғындары сезінеді. Шуақты жылы ауа-райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде, тауларда жаңбырдың соңы қарға ұласады) ауа райына ауысады және күндізгі ауа температурасы 0-12 градусқа дейін жылы болады.

 

Серіктес жаңалықтары