Жылыту маусымы басталғалы ШҚО-да 10 адам ыстан уланған

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Жылыту маусымы басталғалы ШҚО-да 10 адам ыстан уланған
freepik.com
873

Жылыту маусымы басталғалы ШҚО-да 10 адам көмірқышқыл газынан уланды, оның сегізі бала, деп хабарлады turkystan.kz YK-news сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

«Оқиғаларға тазартылмаған мұржалар мен пештердің нашар жағдайы себеп болған», – делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД қызметкерлері жүз мың үйді аралап шығып, барлық заңбұзушылықтың жартысына жуығы пештерді дұрыс пайдаланбауға байланысты болатынын анықтады.

Серіктес жаңалықтары