«Үш жыл құда болдық»: Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбеков жайлы жазба жариялады
Өнер иесі оның қандай адам болғанын жазды.
Белгілі эстрада әншісі Мақпал Жүнісова бірнеше күн бұрын өмірден өткен Ақжол Мейірбековті еске алып, Instagram-дағы жазба жариялады.
Мақпал Жүнісова онымен кейінгі үш жылда құда болып, көп отырыста бас қосқанын айтып, қандай адам болғанын жазды.
«Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді. Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып, сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды. Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін. Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын» деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 2020 жылы туған сіңлісінің қызын өз қолымен ұзатып, Ақжол Мейірбековпен құда болған-тын.