974
Екібастұзда өрт шыққан пәтерден үш бала құтқарылды
Түтін көрші пәтерлер мен подъездге тараған.
Екібастұзда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, балалар анасымен бірге құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқыс оқиға кеше 17:08-де Королев көшесі, 84 мекенжайында болған.
«Қызыл жалын бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатынан шыққан. 3 бөлмелі пәтердің ас бөлмесінде жалпы ауданы 5 шаршы метр жерде заттар мен жиһаз, тұрмыстық техниканың жанған», – делінген хабарламада.
Өрт салдарынан түтін көрші пәтерлер мен подъездге тараған.
«№6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Мерхан Балтабеков және №2 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау старшинасы Асылхан Сартымбековтың тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында пәтерден терезе арқылы баспалдақпен үш бала (5 айлық, 1,7жасар және 4 жас) және олардың анасы құтқарылды.