2290
Шымкентте 2 жасар баланы терезеден лақтырып жіберген
Бүлдіршін қазір ауруханада, жағдайы ауыр.
Шымкентте екі жасар бүлдіршінді туысы 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 23 қарашада болған. Баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама "103" жедел жәрдем қызметіне сағат 21:00-де түскен.
"Оқиға Әл-Фараби ауданында Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Полиция департаментінің қызметкерлері баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы лақтырғанын анықталды", - делінген хабарламада.
Екі жасар бүлдіршін қазір ауруханада, жағдайы ауыр.