Вандалдар жазасыз қалмайды

Тарихи ескерт­кіш­тер­ді бүлдіріп, қоғам мүлкін қасақана қиратып, зират­тарды тонау әрекеттері жиі кездесе бас­тады.

Вандалдар жазасыз қалмайды
сурет: Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жылдары елімізде вандализм үл­кен мәселеге айналды. Тарихи ескерт­кіш­тер­ді бүлдіріп, қоғам мүлкін қасақана қиратып, зират­тарды тонау әрекеттері жиі кездесе бас­тады. Полиция қызметкерлерінің ай­туын­ша, тек Астананың өзінде соңғы 10 айда осын­дай 120 факт тіркелген. Бұзақылар не­гі­зінен аялдама тұрағы, демалыс орындары се­кіл­ді инфрақұрылым нысандарын бүл­дірген.

Жақында ішімдік ішкен ер адам Республика даң­ғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында ор­наласқан аялдама павильонының әйнегін әдейі сын­дырған. Ал оның бұл әрекетін досы камераға тү­сіріп алған. Алайда вандализм жасағандар жа­засыз қалмайды. Құқық бұзушылар жауап­кер­ші­лікке тартылды. 
Тағы да осындай жағдайлардың бірі таңер­теңгі сағат төрт шамасында орын алған. Үш дос ойын-сауық орнынан шыққан. Үйлеріне қайтып бара жатқанда, олардың бірі мас күйінде Респуб­лика даңғылындағы аялдаманың әйнегін сын­дырған. Оның бұл әрекетін досы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Құқық қорғау органдары кінәлілерді тапты. Олар өз әрекеттерін толық мойындаған. Аталған факт ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша «бұзақылық» ретінде тіркелген.
Сонымен қатар белгісіз жүргізуші аулаға кіру үшін шлагбаумды бұзып өткен. Ер адамға 14 АЕК кө­лемінде айыппұл салынды.

– Полиция қызметкерлері анықталғаннан кейін тиісті шаралар қабылдады. Құқық қор­ғау­шылар құқық бұзушыны анықтайды, әкімшілік хаттама жасайды және материалдарды әкімшілік сотқа жібереді, – дейді Сарыарқа ауданы Полиция бас­­қармасының жергілікті полиция қызметі бө­лім­­шесінің бастығы Ділшат Қойшыбаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойын­ша құқық бұзушыларды жазалау шаралары кү­шей­тілді. Елордада вандализм мен қоғамдық тәр­­тіпті бұзу фактілерімен күресу және жолын кесу бойынша жұмыс тоқтаусыз жүріп жатыр. Мұндай акциялар қала мүлкін қорғауға, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға бағытталған. Бөтен­нің мүлкін қасақана бүлдіргендер әкімшілік жауап­кершілікке тартылып, 200 АЕК-ке дейінгі айып­пұл төлейді. Осыған дейін елордада құқық бұзғандарға 90 әкімшілік айыппұл салынған және 17 адам әкімшілік қамауға алынды.

Вандалдармен күреске құқық қорғау орган­дары­мен бірге елордалық еріктілер, қоғам қайрат­кер­лері, Ауған соғысының ардагерлері, аудан бел­сенділері, танымал спортшылар да жұмыл­дыры­лады. «Тоқта, вандал» акциясы аясында олар рейд­тер өткізеді, бұзақыларды анықтайды және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жақында өткен «Тоқта, вандал» түнгі рейдіне бел­гілі спортшы, Street Workout Kazakhstan қоз­ға­лысының негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақыпов қатысқан болатын. 

– Осы акцияның белсенділері жұртшылықты қа­ламыздың тазалығына тиісті түрде көңіл бөлуге ша­қырды. Кез келген азамат қаланың келбетін сақ­тауға күш сала алады. Біз вандализмге қар­сы­мыз. Сондықтан мұндай рейдтерге жиі қатысамыз. Мақсатымыз – тәртіпсіздік жасағандармен сөй­лесу, тәрбие жұмысын жүргізу. Баршаңызды спорт­­пен шұғылдануға шақырамыз, – деп атап өтті Айтым Жақыпов.

Вандализммен күрестің белсенді жүргізілуі нә­тижесінде қоғамдық тәртіп бұзушылар жедел түр­де табылып, жауапқа тартылып жатыр. Атал­ған акция аясында ұсталған көлік  жүргізушісі ау­ла­ға кіру үшін шлагбаумды бұзып өткен. Ер адам­ға 14 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 
Тағы бір мысал. Таңғы сағат 6:00 шамасында үш жас жігіт тұрғын үй кешендерінің бірінің кі­ре­берісіне кірген. Олардың бірі МИБ-тің тех­ни­ка­лық бөлмесінің есігін тепкілеп, қатты зақым­да­ған. Келтірілген залал 76 мың теңгеге бағаланды. Кінәлі адам табылып, оған ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша хаттама жасалды. Сот оған 69 мың теңге айып­пұл салды.

Вандалдармен күреске құқық қорғау орган­дары­мен бірге елордалық еріктілер, белсенділер, таны­мал спортшылар да жұмылдырылады. «Тоқта, ван­дал» акциясы аясында олар рейд өткізіп, оның бары­сында бұзушыларды анықтайды және тұрғын­дар арасында түсіндіру жүргізеді.
«Тоқта, вандал» акциясы тек түнгі мезгілде өткізілмейді, белсенділер күндізгі рейдтерде де қала тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізеді және көше нысандарын түрлі жазулардан және былғанған жерлерін кірден тазартады. Науқанға қатысушылар рейд кезінде көшелерді қоқыстар­дан және жазулардан тазартады, қала тұрғын­дары­на қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыз­ды­лығы туралы профилактикалық түсіндіру жұ­мыстары жүргізіледі және оларды спортпен айна­лысуға шақырады. 

– Біз боялған, қаламдармен есімдер жазылған көп­теген орындықтар бар екенін көрдік. Бұл іс-ша­раның негізгі мақсаты – жастарды спортқа қы­зықтыру,  –  дейді еріктілердің бірі. 

– «Тоқта, вандал» акциясы жыл басынан бері әкім­діктің қолдауымен өткізіліп келеді. Оған «Ас­тана жастары» ЖРО еріктілері, белсенді аза­мат­тар, қала тұрғындары, қоғам белсенділері қаты­сып жатыр. Рейдтер елорданың барлық бес ауда­нында тұрақты өтуде», – деп атап өтті NEET са­на­тындағы жастармен жұмыс бөлімінің бас­шысы Әлфараби Аймақ. 

Рейдтер бүгінде елорданың 5 ауданында жал­ғасуда, қала бойынша күнделікті кезекшілік жүр­гізілуде, оған 2 500 құқық қорғау қызметкері жұ­мылдырылған. Вандализмге қарсы уақытылы қабылданған шаралар мен жұртшылықтың қа­тысуының арқасында бұзақылық жасаушылар са­ны ай сайын азайып келеді. 
Бүгінде қоғамдық тәртіпті насихаттауға ар­налған кездесулер елорданың әрбір ауданында ор­наласқан мектептерде ұйымдастырылып отыр. Жа­қында Астана қаласының Байқоңыр ауда­нын­дағы №10 мектеп-гимназиясында вандализм және қо­ғамдық тәртіпті бұзған адамдарды жауап­кершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейту бойын­ша мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Кез­десуге «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, тарихшы, этнолог Тұрар Саттарқызы, Байқоңыр ауданы әкімінің кеңесшісі Дәу­рен Ыдырыс және аудандық Полиция басқар­ма­сының қызметкерлері қатысты. Іс-шара бары­сын­да мектеп оқушыларына вандализм оқиға­ла­рының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтауға жә­не қала мүлкіне ұқыпты болу қажет. Кез келген құ­қықбұзушылық анықталып, соңы жауапкер­ші­лікке әкелетінін ұмытпаңыз. Ішкі тәртіп, заңға жә­не өзге адамдардың құқықтарына құрметпен қа­рау – бұл қоғам ұмтылуға тиіс нормалар.

– Елорда тұрғындары мен қонақтарын қо­ғам­дық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқып­ты болуға шақырамыз. Кез келген құқық­бұзу­шылық анықталып, соңы жауапкершілікке әке­летінін ұмытпаңыздар! Ішкі тәртіп, заңға және бас­қа адамдардың құқықтарына құрметпен 
қарау – бұл қазақстандық қоғам ұмтылуға тиіс нор­малар, – деді Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 1 244 хаттама толтырылған. 
Ендігі жерде елімізде вандализм сияқты заң мен тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүл­де төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қа­лыптаспақ.

Заңдылық пен тәртіп қағидатын ор­нықтыру ісі вандализм сияқты жағымсыз құ­былыстармен қоғам болып күресуден басталады.