Жаңбыр, көктайғақ: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

24 қарашада Астанада түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады.

Жаңбыр, көктайғақ: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: dauletten.kz
810

Ауа райына байланысты еліміздің 15 өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 24 қарашада Астанада түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Көктайғақ болып, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз қар аралас жаңбыр, облыстың солтүстік-батысында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Көктайғақ, боран, тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 30 метрге баратын, тіпті одан да күшті жел тұруы мүмкін.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында түнде қалың қар жауады, облыстың оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Түнде оңтүстікте, күндіз солтүстігі мен батысында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрады. Екпіні – 23 м/с.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.  Күндіз Алакөл көлі аумағында оңтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде боран тұрып, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың көп бөлігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жауын-шашын түседі. Облыстың шығыс, оңтүстік және орталық бөлігінде көктайғақ болады, тұман түседі. Солтүстігі, шығысы мен орталығында боран соғады. Облыстың оңтүстігі, шығысына оңтүстік-батыстан, батыстан жел тұрып, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.

Қызылорда облысында батыстан жел тұрады, түнде облыстың көп бөлігінде екпіні 15-20 м\с, облыстың солтүстігінде 25 м/с, күндіз солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде қатты жауын-шашын болады. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде батыс, солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында көктайғақ, облыстың батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, екпіні 25 м/с дейін барады.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде жауын-шашын түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қар жауады, көктайғақ, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с, тіпті одан да күшті болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады.

 

 

Серіктес жаңалықтары