Халықаралық валюта қоры Қазақстанға ескерту жасады

Банк жүйесінің шығыны 30%-ға жоғарылауы мүмкін.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға ескерту жасады
РИА Новости / Наталья Селиверстова
3570

Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы банк жүйесінің тәуекеліне баға берді, деп хабарлады Turkystan.kz.

Халықаралық валюта қоры Ақша-несие және қаржы нарығы басқармасының аға экономисі Пьерпаоло Гриппаның мәлімдеуінше, климаттық тәуекелдерді талдау нәтижесі Қазақстандағы банк жүйесі климатқа әсерін азайту тұрғысынан ішкі және жаһандық тәуекелге ұшырағанын көрсеткен.

«Декарбонизацияның жылдам сценарийі аясында банк жүйесінің шығыны 5-7 жыл ішінде 30%-ға жоғарылауы мүмкін деп санаймыз. Сондықтан күрделі әрі қиын кезеңге әзірлену қажет. Біз міндетті түрде сыни жағдай туындайды деп айта алмаймыз, бірақ мұны жоққа шығаруға болмайды және билік бұған дайын болуы керек», – деді Халықаралық валюта қорының өкілі.

Пьерпаоло Гриппаның айтуынша, Қазақстанның қаржылық қадағалауды одан әрі жетілдіру мүмкіндігі бар.

«Қолданысқа шоғырландырылған қадағалауды енгізу керек. Қадағалау банктерді ғана емес, банк топтарын қамтуы тиіс. Бұл қаржы реттеушісі үшін түрлі тәуекелдерді болдырмаудың тиімді тәсілі», – деді сарапшы.

Серіктес жаңалықтары