1245
Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты
Ең төменгі табыс Түркістан облысында. Мұнда орташа еңбекақы – 248 мың.
Қазақстанда орташа жалақы 350 мың теңгеден асты. Былтыр осы уақытта 299 мың теңге болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, ең жоғарғы айлық Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады. Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы – 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге.
Ең төменгі табыс Түркістан облысында. Мұнда орташа еңбекақы – 248 мың.
Табысы жоғары жұмысшылар тау-кен және өндіріс, қаржы және сақтандыру қорлары мен кәсіби, ғылыми-техника салаларында қызмет етеді.