«Түске дейін ұйықтаймын»: Шахматшы Жансая Әбдімәлік келіндік өмірі туралы айтты

23 жастағы қазақстандық спортшы өзінің үлгілі келін емес екенін мойындады.

«Түске дейін ұйықтаймын»: Шахматшы Жансая Әбдімәлік келіндік өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik

Шахматшы Жансая Әбдімәлік үлгілі келіннің қасиеттері жайлы айтып, жанкүйерлеріне кеңес берді, деп хабарлады  turkystan.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап. 

23 жастағы қазақстандық спортшы өзінің үлгілі келін емес екенін мойындады.

«Ойландыратын сұрақ. Шынымды айтсам, бұған жауап бере алмаймын. Өйткені үй шаруасындағы жақсы әйел түсінігі әр адам үшін әртүрлі. Адамдардың ойындағы үй шаруасындағы әйелдерге мүлде келмеймін. Иә, біздің үй таза, бәрі өз орнында, бірақ мен түске дейін ұйықтаймын. Өйткені мен ұйықтағанды жақсы көремін. Маған ерте тұру қиын, мен мұндай күйеуді жолықтырғаныма бақыттымын. Ол бұл туралы тіс жармайды. Мысалы, «Неге таңғы ас немесе түскі ас дайын емес? демейді. Ол ұйқымды қандырып тұрғаныма қуанады.  Әрине, таңғы 6-да тұрып, құймақ пен ірімшік дайындап қоюға болады, бірақ білмеймін... Барлығын күшпен емес, өз қалауыммен жасау керек деп ойлаймын.  Мүмкін мен де сол деңгейге жететін шығармын, бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар дейді ғой. Жалпы, өз үйіңіз – өз ережелеріңіз. Неғұрлым икемді және қарапайым болыңыз, бір-біріңізді жақсы көріңіз, сонда бәрі жақсы болады», - дейді ол.