Қостанайда шұңқырға көлік құлап кетті

Зардап шеккендерге сот-медициналық сараптама тағайындалды

Қостанайда шұңқырға көлік құлап кетті
Видеодан кадр

22 қараша күні Қостанайда көпқабатты үйлердің ауласында қазылған шұңқырға көлік құлап кетті, жеп хабарлады turkystan.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 9 шамасында Летунов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында Infiniti автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қазылған шұңқырға түсіп кеткен.

Көлікте отбасы, оның ішінде бала болған. Апат салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті.

Полиция кабель төсеу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымды анықтады. Оқиға орнында тиісті жол белгілері болмаған.

Зардап шеккендерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.