Бішкекте Түркі Мемлекеттер Ұйымында Диаспора істерімен айналысаты мекеме басшыларының V кездесуі өтті

Кездесуге Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Венгрия елдерінің және ТМҰ Хатшылығы өкілдері қатысты.

Бішкекте Түркі Мемлекеттер Ұйымында Диаспора істерімен айналысаты мекеме басшыларының V кездесуі өтті
718

Бүгін Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Түркі Мемлекеттер Ұйымының Диаспора істерімен айналысаты мекеме басшыларының V кездесуі өтті.

Кездесуді Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау  және көші-қон министрі Гүлнара Батырова ашты. Гүлнара Батырова аталған жиынның басты мақсаты Түркі Мемлекеттер Ұйымы шеңберінде 2022 жылы Баку/Шуша халықаралық форумында қабылданған «Бірлескен іc-әрекет жоспарының» нәтижелерін және жаңа жоспарды қабылдау екенін атап өтті.

Түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев диаспора бағытында мемлекет басшылары қабылдаған шешімдер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Кездесуге Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Венгрия елдерінің және ТМҰ Хатшылығы өкілдері қатысты. 

ҚР Сыртқы істер Министрлігі «Отандастар қоры» КеАҚ президенті А.Сапарбекұлы  бүгінгі кездесудің жақында Астанада өткен «Түркі Дәуірі» деп аталған Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Түркі әлемінің негізгі мақсаты  өзара сенімге және ынтымақтастық пен бауырластыққа негізделген бірлікті сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау басты міндетімен» тығыз сабақтас екенініе назар аударды. 

Осы орайда А.Сапарбекұлы биыл «Отандастар қоры» ұйымдастыруымен шетелдегі отандастарымызға арналған «Қазәлем» веб-порталы және Yurt жобасына тоқталып өтті.

Qazalem – шетелдегі отандастарға, атап айтқанда, Қазақстан азаматы емес, этникалық қазақтарға, бұрынғы отандастарға, шетелде тұрып жатқан, жұмыс істейтін немесе оқитын Қазақстан азаматтарына бірнеше тілде ақпараттар мен онлайн қызмет ұсынады.  

Бұл платформаларда шетелдегі Елшіліктер мен консулдықтардан қабылдауға тіркелу, төтенше жағдайда көмек сұрау, инвестиция, экспорт пен туризмдік жобаларға ат салысу, қазақ тілін үйрету, ұлттық аспаптар мен ұлттық ойындар және ұлттық тағамдар жасау, ұлттық киімдер, әшекейлер секілді туындыларын портал арқылы шетелдегі отандастарымызға таныстыру, ал Метаәлем виртуалды платформада қолданушыларға түрлі форумдарға қатысу мүмкіндігне ие болады.

 Ал «Yurt» мобильдік қосымшасында отандастарымыз шетелде жүріп, бір-бірімен карта арқылы байланысып, қазақ елшіліктері мен консулдықтарын таба алады. 

А.Сапарбекұлы  «Мүше мемлекеттердің диаспоралық институттары арасындағы тәжірибе алмасу», «Түркі диаспораларының әлеуетін арттыру», «Түркі апталығы» туралы т.б. бағдарламаларға байланысты мәселелерге тоқталып, Қазақстан тарабының 2025 жылы Түркітілдес елдердің III Диаспора Форумын өткізетінін мәлімдеді. Кездесу шеңберінде «Отандастар қоры» басшысының өз әріптестерімен екі жақты кездесулері өтті.

Серіктес жаңалықтары