Қазақстанда тағы 3 республикалық жол жабылды

Екатеринбург-Алматы, Көкшетау-Атбасар, Чапаев-Казталовка жолдары жабық.

Қазақстанда тағы 3 республикалық жол жабылды
egemen.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың тағы үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "Қазавтожолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» жолының Атбасар қаласынан Астрахан ауылына дейінгі жол аралығы жабылды. Сонымен қатар «Көкшетау-Атбасар» тасжолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы жабық. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Чапаев-Казталовка күре жолы жабық», - делінген хабарламада.