Еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесі жабылды

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан жолдар жабылды.

Еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесі жабылды
astanatv.kz

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы  "Қазавтожол" баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күре жолдарда 170 арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр.

"Қазавтожол" мамандарының хабарлауынша, Ақмола облысында 4 жол учаскесі, Солтүстік Қазақстан облысында 2 жол учаскесі, Қостанай облысында 2 учаске жабық.

Ақмола облысында:

1. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

2. "Жақсы-Есіл-Бұзылық" жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;

3. "Жезқазған-Петропавл" күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;

4. "Екатеринбург-Алматы" тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығында;

Солтүстік Қазақстан облысында:

1. "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;

2. "Екатеринбург-Алматы" күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;

Қостанай облысында:

1. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;

2. "Жезқазған-Петропавл" тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабық.