Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі белсенді циклонның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Сонымен қатар қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп болжанған.
Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады.
Еліміздің батысында ауа температурасы төмендейді. Республиканың шығысында түнде температура көтеріледі. Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды.