Министр пойыз билетінің орташа бағасын айтты

Жолаушыларды тасымалдайтын 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр.

Министр пойыз билетінің орташа бағасын айтты
qazaly.kz
854

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы пойыз билетінің орташа бағасы 8 мың теңге екенін айтты.

Қазір темір жолда жолаушыларды тасымалдайтын 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді (ҚТЖ және 12 жеке). Облыстардың бөлінуіне байланысты, биыл қала маңындағы бағдардан 2 жаңа облысаралық бағыт құрылды: Алматы – Қонаев, Қарағанды – Жезқазған, - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Көлік министрінің айтуынша, жалпы жолаушыларды тасымалдау республикалық бюджеттен субсидияланады. Бүгінгі таңда елімізде 2 567 жолаушылар вагоны бар.

Бұл шаралар халықтың барлық тобы үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда пойыз билеті бағасының орташа құны – 8 мың теңге, - деді Қарабаев.

Серіктес жаңалықтары