WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болады

Өзгерістер 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енеді

WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болады
whatsapp.com
693

Енді WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар мен файлдар Google Drive бұлтына орналасады, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp-тың ресми сайтының хабарлауынша, егер пайдаланушы алдағы айларда чаттардың резерв көшірмесін Android құрылғысында жасаймын деп шешсе, көшірме Google-дың лимитіне есептеледі.

«Егер жад шегінен асып кетсеңіз, резерв көшірме жасауды жалғастыру үшін Google-дың есеп жазбасынан орын босатуыңыз керек», - делінген хабарламада.

Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістер 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енетіні және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Android платформасындағы WhatsApp пайдаланушыларына біртіндеп енетіні атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары