1250
Қарағанды облысында жаңа зауыт іске қосылды
Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт жұмысын іске қосты.
Зауыт Қарағанды облысындағы "Шұбаркөл Көмір" АҚ, "Шұбаркөл" көмір кенішінің аумағында орналасқан.
Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік қуаттылығы – жылына 400 мың тонна арнайы кокс.
"Негізгі өнімдерімізден басқа, біз жылына 70 000 т көлеміндегі көмір шайыры мен көмір майын өндіруді жоспарлап отырмыз. Өндіріс шикізаты ретінде Шұбаркөл разрезінің Д маркалы көмірі пайдаланылатын болады", - дейді "Шұбаркөл көмір" АҚ бас директоры Сергей Ким.
Айта кетері, жоба бүгін елордада өткен "Қазақстан қамту 2.0" халықаралық форумы аясында ресми түрде қосылды.