1059
Қар, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Антициклонның жүруіне байланысты тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазгидромет жұма, 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және қатты жел болуы мүмкін.
Антициклонның жүруіне байланысты тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.