Тігін шеберханасы мен денсаулығыққа қауіпті кәсіорындарға жүргізілетін бақылаудың еш айырмасы жоқ

Олардың ойынша, басты кемшілік – барлық дерлік кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау тәртібі бірдей.

Тігін шеберханасы мен денсаулығыққа қауіпті кәсіорындарға жүргізілетін бақылаудың еш айырмасы жоқ
сурет: Baq.kz
1090

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Премьер-Министр Әлихан Смайловқа депутаттық сауал жолдады. Сауал қауіпті және зиянды өндіріс нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі туралы болды.                                        

Қауіпті және зиянды өндіріс нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қандай шаралар қабылданса да, бұл шаралар мәселенің себебін жоймай тек салдарымен күресу болып қала бермек. Оған себеп,  кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау саласындағы іс-шаралардың дәрменсіздігі. Әрине, бизнес еркіндігі – елдің экономикалық дамуының негізгі қозғалтқышы. Алайда, азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын мұндай еркіндікпен бір деңгейге қоюға мүлдем болмайды. Өткен қыста жаураған  Степногорск, Риддер, Екібастұз қалаларының тұрғындарының денсаулығын кім қалпына келтіреді, кешегі Қарағандыдағы баласынан айрылған аналар мен әкелердің,  жарынан айрылған жесірлердің зарын кім ұғады, әкесінен айрылған балалардың басынан кім сипайды?., онда да орасан зор шығындар есебінен себептің өзі емес, оның салдары жойылды. Сондықтан, мұндай жағдайлар қайталанбасына кепілдік жоқ, – дейді депутаттар.

Олардың ойынша, басты кемшілік – барлық дерлік кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау тәртібі бірдей.

Яғни, тігін шеберханасы  мен жұмыскерлердің денсаулығына қауіпті және зиянды ірі кәсіорындарға жүргізілетін  бақылаудың  еш айырмасы жоқ. Мұның үстіне Үкімет «реттеушілік әсеріне талдау» деп аталатын механизімді АРВ (анализ регуляторного воздействия) енгізу арқылы өзін дәрменсіз жағдайға қалдырып отыр. Заң шығару қызметі жүйесін қазіргі уақытта мемлекет кез келген нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде технологиялық процестердің қауіпсіздігіне,  халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын бақылауды және талаптарды күшейтетін заңдарды   реттеушілік әсеріне талдау жүргізбей қабылдай алмайтындай етіп қойған. Яғни, реттеушілік әсеріне талдау механизмі арқылы кәсіпкерлік субъектілердің түрлі бірлестіктерінің мақұлдауын алған мемлекеттік органдардың шешімдері мен заңдары ғана қабылданады. Кәсіпкерлік - жұмыс берушілер мен жұмыскерлерден тұратынын ескерсек, бұл бірлестіктер тек жұмыс берушілердің мүддесін қорғайтыны айтпаса да түсінікті. «Бүркеген жерден – бүрге шығады» дегендей мемлекеттің шағын және орта бизнеске арналған осындай шапағатты шараны бизнестің алпауыттары өз пайдасына иеленіп кеткен. Мұндайға бас-көз болып отыратын Атамекен де «тоқпағы ауырлардың жетегінде кетіп,  шатпағы қара жұмыскерлерге жауыр болған  нормаларды көрмегенсіп отыр.

1) технологиялық процестері жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ірі кәсіпорындардың, сондай-ақ қызметінің нәтижелері бойынша халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметін бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін енгізуді;

2) Еңбек қауіпсіздігі мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына бақылау мен қадағалау  мәселелерін реттеушілік әсеріне талдау механизімінің ықпалынан шығаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №748 бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы қарастыруды сұраймыз, – дейді депутаттар.

Серіктес жаңалықтары