Түркістан тұрғыны TikTok-тағы алаяқтық үшін ұсталды

/
Түркістан тұрғыны TikTok-тағы алаяқтық үшін ұсталды
istockphoto.com

Ақтөбе полициясы интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 18 жастағы тумасын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктінің жеке басы «Anti-Fraud» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында анықталған.

«Биылғы жылдың ақпан айында күдікті “TikTok” қосымшасында хат алмасу кезінде “Free Fire” ойынын сату сылтауымен алдау жолымен Әйтеке би ауданының тұрғынына тиесілі 777 000 теңгені иемденгені анықталды», – делінген хабарламада.

Ол ақшаны алғанымен, сатып алушыға ешқандай тауар берілмеген.

Ұсталғаннан кейін күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары