Қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, татар, кәріс, әзербайжан, күрд және өзге де этностардың өкілдері мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын бірлік пен келісім қағидаттарын айқын көрсетеді, деп жазады turkystan.kz.
Әскери қызметкерлер ұлтына қарамастан ортақ міндетті - қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді абыроймен атқаруда.
Ұлттық ұланда ұлтаралық келісімді нығайтуға, өзара құрметті қалыптастыруға және біртұтас ұжымдық рухты дамытуға ерекше мән беріледі.