Ұлттық валюта туралы 30 дерек

Осыдан 30 жыл бұрын, 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге айналымға шықты.

Ұлттық валюта туралы 30 дерек
сурет ашық дереккөзден алынды
1704
  1. 1992 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Халықаралық валюта қорына мүше болды.
  2. 1993 жылғы 13 сәуірде Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Сол кездегі алтын-валюта активінің көлемі – шамамен 711 миллион АҚШ доллары, инфляция – 2000%-дан астам.
  3. 1993 жылғы 14 сәуірде банк қызметі туралы заң қабылданды. Заңда Ұлттық Банктің басқарушы және атқарушы билік органдарынан тәуелсіз екені, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне ғана есеп беретіні баса айтылған.
  4. 1993 жылғы 15 қарашада тәуелсіз Қазақстанның валютасы – теңге айналымға енді
  5. Банкноттың алғашқы эскизін Т. Сүлейменов Лондондағы Harrison & Sons фабрикасында әзірледі.
  6. Ұлттық валюта айналымға шыққан алғашқы күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бір долларға 4,75 теңге болды.
  7. 1993 жылғы 17 қарашада Қазақстанның банкаралық валюта биржасы (қазіргі Қазақстан қор биржасы) құрылды; сауда-саттық АҚШ долларымен жүреді.
  8. 1995 жылғы 19 мамырда Ұлттық Банктің Банкнот фабрикасы ашылды.
  9. 1995 жылғы 1 тамызда Қазақстан монета сарайының коллекциялық монеталарының алғашқы тиражы шықты. Серия Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналды.
  10. 1996 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы еуробондтары сыртқы нарыққа шықты.
  11. 1996 жылы Алматы клиринг палатасы Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы болып қайта құрылды; Ірі есеп айырысу жүйесі пайда болды (қазіргі Банкаралық ақша аударымдары жүйесі).
  12. 1996 жылы Қазақстан биржасының атауы «Қазақстан қор биржасы» деп өзгертілді, бұдан былай KASE валюта, қор және ақша сауда-саттығын ұйымдастырушы болып, туынды қаржы құралдарын іске қосады.
  13. 1997 жылы KASE алғаш рет листингілік акциялардың сауда-саттығын өткізді.
  14. 1996 жылғы 19 ақпанда Қазақстан монета сарайында инвестициялық монеталардың алғашқы тиражы – «Жібек жолы» сериясы шықты.
  15. 1998 жылы елде зейнетақы реформасы басталды.
  16. 1999 жылғы 15 қарашада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры құрылды, Қазақстандағы депозиторлар әлемдік стандарттарға сай қорғалатын болды.
  17. 1999 жылғы мамырда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы құрылды.
  18. 2000 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды. Алғашқы жарна – 660 миллион АҚШ доллары «Шеврон» компаниясынан түсті.
  19. 2001 жылы KASE репо нарығының бірінші индикаторы – TONIA-ны іске қосты. Барлық нарық пен құрал бойынша биржа операцияларының бір тәуліктегі көлемі 1 триллион теңгеден асты.
  20. 2006 – KASE-дегі алғашқы IPO-ға «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ акциялары шығарылды.
  21. 2014 жылы зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірілді.
  22. 2015 жылы Қазақстан инфляцияны таргеттеу режиміне және теңгенің еркін өзгермелі бағамына көшті.
  23. 2019 жылы 11 қарашада ақша-кредит саясаты мен қаржыны қадағалаудың аражігі ажыратылды. Екінші функция Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне берілді.
  24. Теңге әлемдегі ең жақсы қорғалған валютаның біріне айналды.
  25. 2020 жылғы қарашада ESG облигациялары алғаш рет KASE-ге шықты. Эмитент 13,96 млрд теңге қаражат тартты.
  26. 2022 жылғы номиналы 20 000 болатын теңге банкнотында 25 қорғаныш элементі бар.
  27. 2022 жылы Президент Цифрлық теңге тұжырымдамасын бекітті. Ұлттық валютаның жаңа формасы 2025 жылға дейін біртіндеп енгізілетін болады.
  28. Қазақстан CBDC Race-те әлемнің көптеген елдері ішінде алдыңғы орындарды иеленді.
  29. Қазір экономикадағы теңгенің көлемі – 34 триллион теңге.
  30. Қазір Қазақстан монета сарайы Монета сарайлары қауымдастығына мүше. Бұл қауымдастыққа Англияның Корольдік монета сарайы – Royal Mint сияқты мың жылдық тарихы бар, саланың флагманы саналатын монета сарайлары кіреді.

 

Серіктес жаңалықтары