Ақмола облысында ағаш кесу кезінде ер адам қаза тапты

/
Ақмола облысында ағаш кесу кезінде ер адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Зеренді ауданының полиция бөліміне орман шаруашылықтарының бірінің аумағында орын алған оқиға туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ағаш дайындау жұмысы кезінде 35 жастағы ер адам қаза тапқаны анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізуде.

«Полиция қызметкерлері еңбек инспекциясымен бірлесіп, азаматтар мен жұмыс берушілерге өндірістік жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамау ауыр салдарға алып келуі мүмкін», – деп атап өтті ведомство.

Құқық қорғау органдары мен тиісті қызметтер еңбек қауіпсіздігі – өндірістік процестің барлық қатысушыларының ортақ жауапкершілігі екенін еске салады. Жұмыс басталар алдында нұсқаулық өткізу, арнайы қорғаныс құралдарын пайдалану және сақтық шараларын сақтау қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары