«50 млн-ға қағылдым»: Блогер Әнел Кенжебекова алаяқтарға алданған

/
«50 млн-ға қағылдым»: Блогер Әнел Кенжебекова алаяқтарға алданған
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушысы бар блогер Әнел Кенжебекова сан соғып қалғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогердің сөзінше алаяқтар өзінің таныс адамдары болып шыққан.

"Танысым ғой. Негізі жалпы айтқанда таныс адамдар сондай тірліктер жасайды екен. Енді бәрі заң бойынша қарастырылып жатыр. Бұйырса, бір екі айдың ішінде бәрі түзеледі деген ойдамын. Бәрін уақыт көрсетеді. Мен ғана емес, менің әріптестерім де,  өкінішке қарай, осындай жағдайға тап болды", - деді Әнел Кенжебекова.

Танымал блогер бұл туралы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары