«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысындағы Бадам елдімекеніне аялдады, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік жоба шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Turkistan телеарнасының хабарлауынша, 8 вагоннан тұратын пойыз диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен жабдықталған.