Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойды

«103» нөміріне бір жасар баланың сақинаны абайсызда жұтып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойды
Фото: pixabay.com
718

Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ал жедел жәрдем бригадасы шақыртуға жеткенге дейін диспетчер телефон арқылы кеңес бере отырып көмек көрсетті, деп жазды  kaz.nur.kz.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, «103» нөміріне бір жасар баланың сақинаны абайсызда жұтып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Салдарынан баланың тыныс алу жолдары бітеліп, тұншыға бастаған.

«Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға жеткенге дейін жедел медициналық қызмет көрсету станциясының (ЖҚС) диспетчері Елдос Әнуарханов телефон арқылы ересектерге кеңес беріп, Геймлих маневрін қалай жасау керектігін түсіндірген. Қуанышымызға орай, берілген кеңестің көмегі тиіп, баланың тынысы ашылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары