44 азамат: Газа секторындағы қазақстандықтар елге қайтарыла бастады

СІМ Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы барын (отбасы мүшелерімен бірге санағанда – 161 адам) хабарлады.

44 азамат: Газа секторындағы қазақстандықтар елге қайтарыла бастады
t.me/pressmfakz
851

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Қазақстанның Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі елшіліктердің үйлесімді және нақты іс-қимылдарының арқасында Газа секторындағы отандастарымызды эвакуациялау басталды. Бүгін, 13 қарашада 44 азаматты қамтитын бірінші топты эвакуациялау басталған. Бұл топта Қазақстанның 44 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшесі бар», деді ведомствоның ресми өкілі.

СІМ өкілінің айтуынша, Қазақстаннан басқа 9 ел өз азаматтарын эвакуациялауға кіріскен: Марокко, Иордания, Ресей, Испания және Швеция, Нидерланды, Перу, Ұлыбритания, АҚШ.

Эвакуация Газа секторы мен Мысыр арасында орналасқан «Рафах» өткізу пунктінен іске асырылады. «Рафах» бекетінен барлығы 594 адам өтеді. Одан соң олар Каирге автокөлікпен жеткізіліп, қонақүйге орналастырылады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі.

Бұған дейін СІМ Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы барын (отбасы мүшелерімен бірге санағанда – 161 адам) хабарлады.

Серіктес жаңалықтары