Таразда оқушы мектепке лаңкестердің шабуылдағаны туралы хабарлаған

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде айтты.

Таразда оқушы мектепке лаңкестердің шабуылдағаны туралы хабарлаған
ашық дереккөз
1049

Таразда 11 жастағы бала әзілдеймін деп, әпкесінің телефонынан полицияға қоңырау шалып, лаңкестердің мектепке шабуыл жасағаны туралы хабарлаған.

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде айтты.

Қоңырау түскен бойда барлық шұғыл қызметтер көрсетілген мекенжайға тез арада барды. Оқу орнынан 750 адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері бүкіл ғимаратты және оған іргелес аумақты толық тексерді. Тексеру нәтижесінде қандай да бір заттар мен бөгде адамдар анықталған жоқ, - деді ол.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары бұрын осы мектепте оқыған кәмелетке толмаған баланы ұстады.

Психологтың, ата-анасының және мұғалімнің қатысуымен жүргізілген әңгімелесуде кәмелетке толмаған бала әпкесінің ұялы телефонынан қоңырау шалып, қалжыңдамақ болғанын жеткізген, - деп айтты Тұрлыбек брифингте.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 273-бабымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл ретте терроризм актісі туралы жалған хабарламалар таратқаны үшін жаза өте қатаң екенін ескертеміз, бұл 5 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы.

Егер қылмысты кәмелетке толмаған бала жасаса, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі.

Серіктес жаңалықтары