Талдықорғанда зорлық жасады деген күдікпен полицей ұсталды

Қауіпсіздік басқармасына 27 жастағы бойжеткеннен арыз түскен.

Талдықорғанда зорлық жасады деген күдікпен полицей ұсталды
ашық дереккөз
963

Талдықорған қалалық Ішкі істер басқармасының лауазымды басшыларының бірі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына 27 жастағы бойжеткеннен арыз түскен. Шағымданушы зорлық әрекеті лауазым иесінің жұмыс кабинетінде болғанын, жеке басының қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтып, көмек сұраған.

Күдікті полицейге қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Ескелді ауданындағы уақытша ұстау мекемесіне жабылған.

Серіктес жаңалықтары