Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

Тағы бір жүргізуші 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген

Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды
Ашық дереккөз
1053

Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген тағы бір жүргізуші ұсталды. Оның көлігі арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, жыл басынан бері айыппұлын төлемей жүрген 1 186 жүргізуші анықталған.

«Атырау қаласының аумағында «Қорғау» аппараттық-бағдарламалық кешен көмегімен шет мемлекеттерге тіркелген көлік құралдарының әкімшілік құқық бұзушылығы тіркеледі. Егер жүргізушінің тиісті міндетті сақтандыру полисі болмаса, «Анықталмаған санатында» енгізіледі. Жыл басынан бері айыппұлын төлемеген жүргізушілердің 1 186 көлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Оның ішінде Ресей Федерациясына тіркелген Largus автокөлігі бар. Бұл көліктің жүргізушісінің 396 мың теңге көлеміндегі 15 айыппұлы болған. Ал, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі 224 мың теңгенің 12 айыппұлын төлемей жүргені анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал 10 қарашада сағат 12:55 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы маркасы Toyota автокөлігін анықтаған. Патрульдік полиция қызыметкерлері автокөлікті тоқтатып, жүргізушінің 1 млн 59 мың 825 теңгеге жеткен 40 айыппұлы барын анықтады. Рульде 40 жастағы жүргізуші болған. Оның автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары