Сенбі күні ауа райы қандай болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді.

Сенбі күні ауа райы қандай болады
Фото: massaget.kz
5661

Қазгидромет 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады. Екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +7+9°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +11+13°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 8-13м/с, күндіз - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.

Серіктес жаңалықтары