Мүліктің бүлінуі мен вандализм: Астанада 1200-ден астам адам жауапқа тартылды

«Тоқта, вандал» акциясы аясында аудандар бойынша тұрақты негізде түнгі рейдтер өткізеді.

Мүліктің бүлінуі мен вандализм: Астанада 1200-ден астам адам жауапқа тартылды
gov.kz
843

Елордада вандализммен күресу және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Қала бойынша 2 500-ден астам құқық қорғаушы күнделікті кезекшілік пен мониторинг жасайды, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер елордада жедел жағдайды тұрақтандыруға, қоғамдық орындарда және елорда көшелерінде тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды жүзеге асырады.

Осы жылдың 10 айында ұсақ бұзақылық үшін 1200-ден астам адам жауапқа тартылды.

Мысалы, азаматтардың тұрғын үйлердің кіреберістері мен қоғамдық орындарға дәрет сындырған бірнеше жағдай анықталды. Олардың барлығы әкімшілік қамауға алынып, жазаланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қаңтардан бастап вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін жаза қатаңдатылды. Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті түзетулерге қол қойды. Мәселен, залал 200 АЕК немесе 690 мың теңге сомасынан аспайтын бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы).

Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша Астанада 120 құқық бұзушылық анықталды.

Мысалы, мамыр айында Қосшығұлұлы көшесінде белгісіз адам тұрғын үйдің жанындағы шлагбаумды бүлдірген. Ер адамға айыппұл салынды. Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада белгілі қоғам қайраткерлері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп «Тоқта, вандал» акциясы аясында аудандар бойынша тұрақты негізде түнгі рейдтер өткізеді.

Серіктес жаңалықтары