Әйгілі футболшының әкесі 13 күннен соң тұтқыннан босатылды

Диастың ата-анасын 28 қазанда үйлеріне қайтып бара жатқанда қару кезенген екі қарақшы тоқтатқан.

Әйгілі футболшының әкесі 13 күннен соң тұтқыннан босатылды
Фото Reuters
1066

«Ливерпуль» командасының ойыншысы Луис Диастың әкесі 13 күннен соң тұтқыннан босатылды деп хабарлайды turkystan.kz www.ua-football.com-ға сілтеме жасап.

Колумбияның солтүстігінде орналасқан Барранкас қаласында тұратын Диастың ата-анасын 28 қазанда үйлеріне қайтып бара жатқанда қару кезенген екі қарақшы тоқтатқан. Көлік тізгінін тартып алған қарақшылар оларды белгісіз бағытқа алып кеткен. Полицейлер оның анасын дәл сол күні жақын маңда орналасқан бақылау пункттерінің бірінен тауып алды. Ал әкесі 13 күн бойы іздестіріліп жатқан еді.

Бес күн бұрын Ағылшын Премьер-лигасында «Лутон Таун» командасына қарсы ойынға шыққан Луис Диас гол соққан болатын. Сол кезде ол «Әкемді босатыңдаршы!» деп жазылған жейдесін көрсеткен еді.

Серіктес жаңалықтары