Қар жауады: 9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 9 қарашада еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қар жауады: 9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
astana.kz

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын оңтүстікке ауыстырып, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауып, қар жауады, тұман түседі.

Қызылорда облысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өскемен, Риддер қалаларында метеорологиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты қауіптің екінші деңгейі сақталып отыр.

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғып, облыстың таулы және тау маңындағы аймақтарда жел жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді.