Роза Рымбаева ұлы Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтармақ болғанда қандай күй кешкенін айтты

Роза Рымбаева журналист Динара Сәтжанға сұхбат берді.

Роза Рымбаева ұлы Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтармақ болғанда қандай күй кешкенін айтты
Фото: Arnapress.kz

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында ұлы Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтарып бермек болғанда қандай күй кешкенін айтты, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Елдің шулап жатқанын тек үшінші күні ғана білдім. Алдында балама орден бергенін естіп едім. Осы хейттен кейін сол күйі сахнаға ән шырқауға шықтым. Өзім мейлінше, жағымсыз нәрселер айтылатын бағдарламаларды ешқашан қарамаймын. Ұлдарым мені бәрінен қорғап жүрді. Әли марапаттарынан бас тартамын деп видео түсіргенде жұмыс істеп отырғанмын. Мәди де қатты уайымдады. Осыдан кейін түні бойы көз ілмей шықтым. Не жыларымды, не шыдарымды білмедім. Жұрттың жазғанын оқымағаным қандай жақсы болған», - дейді Роза Рымбаева.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Әли Оқаповтың оқиғасына қатысты сұраққа жауап берді.

«Қайтаруға болмайды. Бұл дұрыс емес. Әли Оқапов әлеуметтік желідегі хейтке эмоционалды түрде жауап берді. Бір қызығы, қазір бізде көптеген сарапшылар кез келген тақырыпқа түсініктеме береді. Бұлай жасауға болмайды. Бейнеүндеу жариялағаннан кейін мен министр ретінде Әли Оқаповпен сөйлестім. Ол шығармашылық адамы болғандықтан жұрт жан-жақтан талағаннан кейін эмоцияға берілгенін айтты. Өз еңбегін жоққа шығарып, анасының арқасында марапат алды дегенге шыдай алмағанын жеткізді. Ол сабырға келді. Қазір ешқандай мәселе жоқ, барлығы дұрыс, орден әншінің өзінде қалады», – деді Мәдениет және ақпарат министрі.