939
Алматының элиталы аудандарындағы 20 нысан бұзылады
Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамай салынып жатқан 52 нысанды анықтады.
Алматы әкімдігі соттың шешімімен мегаполис тауларындағы заңсыз құрылыс бұзылатынын мәлімдеді.
Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматының таулы аймағындағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді. Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамай салынып жатқан 52 нысанды анықтады.
Бұл ретте, 20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді:
- «Pain Hill» клуб үйі,Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., 7-көше, уч. 8/1 уч.;
- «Швейцария» ТҮК, Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 уч.;
- Тұрғын үй құрылысы,Бостандық ауданы, Нұрлытау ш/а., 932/79 уч.;
- Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1;
- Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Горный гигант ТК, 554;
- «Domino Life» клуб үйі, Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308;
- «Pine Hill Residence» клуб үйі, Медеу ауданы, 2-көше, 33 уч.;
- Тұрғын үй құрылысы, Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4;
- Тау бөктерін кесу, Медеу ауданы, Бутаковка ш/а., 31/1 уч.;
- Тірек қабырғаның құрылысы, Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207;
- «Граф» ТҮК, Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а., 7-көше, 71,73, 75 уч.;
- «Люксембург» ТҮК, Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а., Қали Нәдіров көшесі, 71,73,75 уч.;
- КФТҮК, Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98 уч.;
- Тұрғын үй құрылысы, Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а., Жәңгір хан көшесі, 46;
- «Rich» клуб үйі, Бостандық ауданы, Мирас ш/а., 24/1, 24/2 уч.;
- Бақша үйлері, Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556;
- Клуб үйдің құрылысы, Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5;
- Тірек қабырға, Медеу ауданы, 2-ші Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А;
- «Француз үйі» ТҮК, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а., Чапаево ШҚ, 426 уч.;
- «KHAN» клуб үйі, Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а.;
Қалған 23 нысан бойынша қазір сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға қатысты сотқа тағы талап-арыз жазылмақ.