Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібі заң деңгейінде бекітіледі

Ол мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін ретке келтіру, оларды жүргізудің ашықтығын арттыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібі заң деңгейінде бекітіледі
ашық дереккөз
735

Мәжіліс бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоба елдегі бизнес-ахуалды жақсарту мақсатымен әзірленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін ретке келтіру, оларды жүргізудің ашықтығын арттыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Қадағалаудың 10 саласында (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, өнеркәсіптік қауіпсіздік, т.б.) жедел ден қою шаралары мен бақылаудың 7 саласында (сауда базарларында ветеринариялық-санитариялық бақылау, есірткі мен психотроптық заттардың айналымын бақылау, т.б.) бақылау тәртібін регламенттеу, мемлекеттік органдарға қатысты мемлекеттік бақылау тәртібін бекіту көзделеді.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеу тәсілдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және балық шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары