Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажет – Бақтықожа Ізмұхамбетов

Депутат әділетті Қазақстан концепциясына сай, әрбір компания әлеуметтік жауапкершілік аясында елдің дамуына үлес қосуды ұмытпауға тиіс екенін айтты.

Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажет – Бақтықожа Ізмұхамбетов
сурет: Атырау газеті
853

 «AMANAT» партиясы фракциясының  мүшесі, депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов ілеспе мұнай газдарын тиімді пайдалану, әрі оны сапалы тәсілмен қолдану мәселесіне байланысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. 

Бұл, өз кезегінде, мұнай-газ саласындағы электр қуатының жетіспеушілігін реттеу үшін өте қажет, әрі уақыт күттірмейтін шешім. Осы орайда, технологияның озық тұстарын пайдалана алатын компаниялардың тәжірибесіне сүйену қажет. Сондықтан, мұнай-газ саласындағы қиындықтардан құтылу үшін, алдағы міндеттемелерді орындай алатын, ұзақ жылдар бойы өңірде қызмет жасаған компаниялардың тәжірибесін ескеруіміз керек. Оған қоса, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ елдегі маңызды мәселелерге олардың атсалысуын қамтамасыз ете білген дұрыс. Көптеген компаниялар еліміздің қазба байлықтарымен табысты еңбек етуде, – деді депутат.

Сонымен қатар, Бақтықожа Ізмұхамбетов әділетті Қазақстан концепциясына сай, әрбір компания әлеуметтік жауапкершілік аясында елдің дамуына үлес қосуды ұмытпауға тиіс екенін айтты.

Бұл ретте 30 жылдан астам «Октябрьское» кен орнын табысты игеріп келе жатқан «Светланд Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәжірибесі мен мүмкіндігі үлкен ұжым. Әлеуметтік тұрғыдан жауапты жер қойнауын пайдаланушы ретінде кәсіпорын өңірдің дамуына елеулі үлес қосып, келісімшарттық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде іске асырып, компания қызметкерлерін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. Компания «AMF Group» Акционерлік қоғамы құрамында 11 газ турбиналық қондырғысы бар, қуаты 168 МВт «Жаңажол» газ турбиналық стансасында электр энергиясын өндіруде.   Осы айтылғандарды ескеріп, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жеке шаруашылық серіктестігі үшін электр энергиясын өндіру және өткізу жөніндегі әлеуетті инвесторлар тізбесіне «Светланд Ойл» жеке шаруашылық серіктестігін де енгізу керек, – деді депутат.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары