Меморгандарға су тасқыны жағдайын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды

Меморгандарға су тасқыны жағдайын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды

Меморгандарға су тасқыны жағдайын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды
ашық дереккөзі
306
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өңірлерде орын алған су тасқыны мәселесі және соған сәйкес қабылданған шаралар бойынша селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды BNews.kz. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Барлық өңірлерде әрекет ету жоспары әзірленіп, су тасқыны кезеңіндегі іс-қимыл жоспарына түзетулер енгізілді. Ұлттық гвардияның 4515 құтқарушылары, өрт сөндірушілері мен әскери қызметшілері, 1221 бірлік арнайы және құтқару техникасы, 74 жүзу құралдары тартылды, 106 су айдайтын құрылғы іске қосылды. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, су тасқыны басталған сәттен бастап 12 шақырымға уақытша бөгет салынып, 3,2 шақырым бөгет қалпына келтірілді, 51 мыңнан астам құм толтырылған қап қойылды. 140,6 мың текше метр су айдалды. Су басуы мүмкін елді мекендерден алдын ала 11 172 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірлерде ден қою жұмыстары бойынша апаттық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары құрылды: жалпы саны 23 972 адам, 7361 бірлік техника, 982 жүзу құралдары, 16 тікұшақ жұмылдырылды. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп күнделікті мониторинг жүргізуді, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды, қалыптасқан жағдайға жедел ден қоюды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары