Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: Желтоқсан айының соңына дейін автокөлікті тіркеп үлгеру қажет

2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастырылмайды.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: Желтоқсан айының соңына дейін автокөлікті тіркеп үлгеру қажет
ara24.kz
837

Ішкі істер министрлігі шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 2 айдан аз уақыт қалғанын жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.

Министрлік 23 қаңтардан 30 маусымға дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылдады. Осы өтінімдер 31-желтоқсанға дейін қаралады. Өтініш берген азаматтар көрсетілген мерзімге дейін құжаттарын реттеп, автокөліктерін тіркеп үлгеруі керек.

«Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгеріс енгізілуде. Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 2 айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз», – деді ІІМ ӘПК басқарма басшысының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Басқарма басшысының орынбасары 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастырылмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар осыған дейін барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылғанын жариялады.

Серіктес жаңалықтары