943
Тұман, жаңбыр: 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Қазгдромет синоптиктері 8 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.
Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.