«Жақында кететінін» айтқан: Өнер жұлдыздары сазгер Арман Дүйсеновті еске алды

Әнші Мұқасан Шахзадаев сазгердің өмірінің соңғы кездері туралы айтты.

«Жақында кететінін» айтқан: Өнер жұлдыздары сазгер Арман Дүйсеновті еске алды
Фото: YouTube
2452

Танымал өнер жұлдыздары «Төрлетіңіз» бағдарламасында сазгер, продюсер, тележүргізуші Арман Дүйсеновті еске алды. Әнші Мұқасан Шахзадаев сазгердің өмірінің соңғы кездері туралы айтты, деп жазды turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Арман Дүйсенов көмекшісіне «жақында кететінін» айтқан.

«Соңғы өмірінде Азамат көмекшісі болып, інісі болып көп қасында жүрді. Бір жолы менің студиямда Азамат отыр екен. Ән жазып отыр екен. Екеуміз кішкене әңгімелесіп қалдық. Азаматқа сұрақ қойдым: «Азамат, Арман соңғы өмірінде ерекше айтқан сөздері бар ма? Не болды?» - дедім. Сол кезде Азамат айтты: «Арман соңғы өмірінде «Болды, маған көп көңіл бөлмей-ақ қойыңдар, жақында кетемін, маған көңілдеріңді көп бөлмеңдер, мен мына өмірден шаршадым» деп айтыпты», - деді Мұқасан Шахзадаев. 

 

Серіктес жаңалықтары