Жаңбыр, көктайғақ: Ауа райына байланысты 13 облыста ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты 13 облыста дауылды ескерту жарияланды.

Жаңбыр, көктайғақ: Ауа райына байланысты 13 облыста ескерту жарияланды
Фото: stan.kz

Қазгидромет ауа райына байланысты Астана және еліміздің 13 облысында ескерту жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 8 қарашада Астана, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында жаңбыр жауады, ал Түркістан облысында қатты жаңбыр жауатыны болжанды.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қауіптің екінші деңгейі сақталып отыр.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.